АҚТӨБЕЛІК ТҰРҒЫН ЕКПЕ АЛЫП, КӨЛІК ҰТЫП АЛДЫ

Ақтөбеде «Екпе ал да, автокөлік ұтып ал» акциясының бірінші кезеңінде автокөлік ұтып алған Артем Чепкийге тмір тұлпардың кілті табысталды. Еске салайық, аталған акцияның бірінші кезеңі 15-тамызда аяқталған болатын.

Қарғалы ауданының тұрғыны Артем Чепкий жақында су жаңа «Chevrolet Cobalt» маркалы көлігінің құжаттарын рәсімдеп, ауылына айдап кетті.

Қарғалы ауданының Қосестек ауыында тұратын көп балалы әке вакцинаның екінші компонентік 2-тамыз күні алған.

— Вакцинаны қандай да бір сыйлық алу үшін алғаным жоқ. Өзімнің денсаулығым үшін алдым. Сыртта көп жүретін болғандықтан, үйдегі кішкентай балаларыма ауру жұқтырмайын деп вакцина алдым. Көлік ұтып алғанымыз — үлкен олжа болды, — деді ол. Құны 5 590 000 теңге болатын «Chevrolet Cobalt» көлігі Қазақстанда құрастырылған.

 

М.ТАБЫН,

Ақтөбе облысы.