АҚТӨБЕДЕ ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР ЖОЛ АПАТТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Ақтөбе облысының аумағында жүргізушілер арасында жол-көлік апаттарының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 мамыр мен 17 маусым аралығында жол қауіпсіздігіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Хромтау ауданында Республикалық маңызы бар тас жолда «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді.

 

 

Акция шеңберінде «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолда жол қозғалысының жас инспекторлары командасы жол жүрісіне қатысушыларға жадынамалар, авариялық-қауіпті учаскелердің карталары және трассадағы медициналық-құтқару пункттері көрсетілген буклеттер тарата отырып, жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттігі туралы ескертілді.

 

 

— Жыл басынан бері «Самара Шымкент» автожолында 38 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 19 адам қаза тауып, 74 адам жарақат алған. Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға шақырады, — дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Қ.Құдайберген,

Ақтөбе облысы.