Ақтөбеде облыс бойынша коронавирус инфекциясына қарсы штабтың отырысы өтті

Жиынға Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Ақтөбе облысы департаменттерінің , алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының басшылары, аудан әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Орын алған жағдайға байланысты ұйымдасқан-әдістемелік көмек көрсету үшін өңірге Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы жіберілген болатын. Біздің міндетіміз — барлық өзекті мәселелерді қарап анықтау және қайсысын ерекше бақылауға алу керектігін түсіну»,- деді Алексей Цой.

 

 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының басшылары санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясының 14 мыңнан аса зертханалық расталған жағдайы тіркелген.

Әзірленген 24 инфекциялық стационардың 18-і іске қосылған. 795 кереуетке адам жатқызылса, оның 115-і реанимациялық, 2808 кереует резервте.

37 медициналық мекеме халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді, 173 мобильді бригада жұмыс жасайды.

 

 

Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтатын және оларды дәрілермен қамтамасыз ететін барлық қажетті шаралар қабылданды.

Облысқа 398 575 мөлшек вакцина әкелінді. Бірінші компонентімен 206 271 адам, екінші компонентпен 112 304 адам егілді.

Рейдтік тексерулердің нәтижесі бойынша 47 бақылау тобы 57 млн теңгеге 464 айыппұл салды.

Бизнестің 930 субъектісі «Ashyq» қосымшасын қолданады. Аталған жүйе арқылы оқшаулау тәртібін бұзған 204 адам анықталып, «қызыл» мәртебесі бар бес ақтөбелік әкімшілік жазаға тартылды.

 

 

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният өңірдегі кви-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді бақылаудың нәтижелерін атады.

ҚР ДМ СЭБК төрайымы Айжан Есмағамбетова кви-мен ауыру бойынша эпидемиологиялық жағдайдың сараптамасын ұсынды. ҚР ДМ-нің жұмыс тобысының ұсыныстарын орындау мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан, сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында ахуалдық орталықтар ұйымдастырылып, М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің профессор-оқытушылар құрамын тарта отыра онлайн тәртібінде сатылай оқыту жүргізілді, КВИ мен екпеге және т.б. сұрақтары бойынша колл лрталық ұйымдастырылды.

 

 

«Біздің міндетіміз — коронавирусқа қарсы күресте бүкіл күшті біріктіріп, мемлекет басшысының медициналық мекемелерді жарықтандыру, науқастарды емдеу тактикасын енгізу және басқа да өзекті сұрақтарды шешу бойынша тапсырмаларын орындау жұмыстарын күшейту. Біз барлық бағыт бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз», -деді денсаулық сақтау министрі.

 

 

Отырыс соңында облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров жұмыс тобының ұсыныстарын орындау және медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша барлық шаралар қабылданатынын айтты.

«Ақтөбенің десаулық сақтау саласының әлеуеті — жоғары. Ең бастысы жақсы материалдық-техникалық база, жоғары білікті мамандар бар»,- деді ол.