Ана парасаты

(Болған оқиға ізімен)

Досым айтады: «Бауыржан деген жақын бір туыс ағамыз көліп апатына ұшырап, қарсы жақтан соғылған машинаның жүргізушісі қаза болды. Талдықорған жақтың кісісі екен. Тұрақты жерін анықтаған соң, нағашы ағаларыммен бірге анашым да кетті кешірім алуға. Екі күннен кейін қайтып келді. Сондағы дастархан басында айтқаны:
— Суық қарсы алды бізді. Түсініп тұрмыз: адамынан, тұтас әулетті асырап отырған азаматтан айырылу оңай деймісің? Бірақ, Құдай басқа бермесін, қарағандары өңменіңнен өтеді! Көрісіп шыққан соң, үйге, бөлек бір бөлмеге алып кірді. Көзімізбен жер шұқып отырмыз. Кісі аяғы басылып, саябырсығанда бауырлары кірді әуелі. Түтіп жеп қоятындай жүздерінен ызғар шашып тұр. Артынша әйелі кірді марқұмның. Сабырынан сезімі жүйрік әйел заты емес пе? Кіре сала-ақ ойбайға басты. «Рөлде болған кім? Көрсетіңдерші маған! Жолында өлейін, ойбай! Қайсың деймін?!..» «Мынау» деп ишараласа тап беретіндей, елеріп тұр бейбақ. Есіміз шығып кетті. Ана Бауыржан байғұстың өңі мүлде боп-боз болып кетті. «Дәп бұлай болар» деп ойламаған екенмін. Жүрегім атқақтап, басым шыңылдап кетті. «Аллам-ай, Өзің сақта!» дей бердім іштен. Осы кезде «Тынышталыңдар, түге!» деген зілді дауыс естілді есік жақтан. Қарасақ, кимешегінің сыртынан қара жамылған, жас шамасы 80-нің төңірегіндегі кейуана кіріп келеді екен. Сәл еңкіш тартқан бойын таяғына сүйеніп тіктеп ұстаған күйі қарсы алдымызға келіп жайғасты. Салмақты сұспен бізге жағалай қарап алды да:
— Қай елдің адамы боласыздар? – деді.
— Алматы облысынан, апа, Суан, оның ішінде Қараменде елінің баласымыз. – Арамыздағы үлкеніміз Сабыр аға тіл қатты.
— Е-е, Бәйдібектей бәйтеректің бұтағымыз, Домалақтай ананың жұрынымыз деңдер.
— Иә, апа.
— Е-е… Ал, айта отырыңыздар. Жағдай қалай болған?
— Жағдай… – Болар-болмас күрсінген Сабыр аға сөзін жалғады. — Естіген боларсыздар: баламыз жүк тасымалдайтын мекемеде істейтін. Қытайдың Қорғас деген бекетінен бері шыққан соң біраз елдімекеннен кейін иен дала басталады. Сол жолда келе жатып алыстан қарсы келе жатқан бір жарықты байқапты. Жақындағанда зер салса, ол да жүк таситын Камаз екен. Содан әбден жақындағанда әлгі машина бұлт етіп қарсы жолға шығып кетіпті. Бұл дереу бипілдетіп, парын жарқылдатса да, өз жолына түсе қоймапты…
— Сен сонда, «өзі кінәлі» демекшісің ғой! – Әйелі баж ете қалды.
— Тәйт, ары! Сөзді бөлме! Айтарыңды сонан кейін айтарсың! – Әже ызбарлана қарады. – Айта беріңіз.
— Уһ-һ… Содан бұл өзі бір шетке қашады ғой. Бірақ, арақашықтық өте жақын болғандықтан, бұның машинасының тіркемесіне ана машина алдымен келіп ұрылыпты… Жедел жәрдем жеткенше балаларыңыздың дәм-тұзы таусылыпты…
— «Тауыстық» деп ашығын айтсайшы, ей, өтірік мүләйімсімей! – Әйелі қайта шапшыды. (Күйік деген оңай дейсің бе?)
— Болды! – Әженің әмірлі үні қаттырақ шықты. – Болды! Шаптықпа, келін. Өтірік айтса, Құдай көріп тұр… Айтып болдыңыз ба?
— Айтып болғанда… Уһ-һ… Апатай, басқа не айтайық? Айыбымызды мойындап, алдыңызға келіп тұрмыз. Бір жаза болды… Кешіріңіздер… Білеміз, азаматтан айырылу оңай емес. Бірақ, біздің балаға да жандарыңыз ашысын. Кешірім беріңіздер. Айтқандарыңызды тауып берейік… Кешіріңіздер… – Ағаның көзінен жасы шығып кетті. Домбыққан көзін кимешегінің ұшымен сүрткен Инабат апа (атын сұрап алдық қой кейін) бізге тағы да бажайлай көз салып шықты да, жігерлі дауыспен сөйлеп кетті.
— Озбайтын өмір, тозбайтын темір болмайды екен. Уһ-һ… Жасаған Ием-ай!.. Мен осы қайтыс болған баланың туған анасы болам. Кенжебегім – шынымен де сүткенжем еді. Қырықтан асқан шағында.. – Кейуана үнсіз егіліп кетті. Аздан соң қайта басын көтеріп, қайраттана сөйледі. Мойынын балаларына бұрып сөйледі. – Иә, құлдыраңдаған құлыным қырықтан асқан шағында арғы дүниеге аттанып отыр. Уһ-һ… Түсінем: бәріңнің жаның күйіп, бауырларың езіліп отыр… Келінжан, сені де жақсы түсінем, мен де сендей күнімде жесір қалғанмын… Бірақ, Кенжебегім біріңе бауыр, біріңе жар болғанмен, оған менен артық жақын ешқайсың жоқ! Өйткені мен – оның анасымын! Ол менің қырық жасымда омырауымды иіткен балам! Тоғыз ай көтеріп, бебеулеп толғатып тапқан, түн ұйқымды төрт бөліп баққан балам! Сондықтан бұл қазаның иесі менмін! Шешімді өзім шығарам!..
«Не дейсіңдер?» дегендей кейуана бала-шағасын көзімен барлап, үнсіз қалды. Отырғандардың арасынан шашына ақ араласқан егде кісі жауап берді. «Үлкен баласы болар» деп топшыладым.
— Дұрыс айтасыз, апа. Шешім сіздікі. Айтқаныңыздан шықпаймыз.
— Онда былай: егер менің баламды қастықпен, әдейі өлтірген болса, онда әңгіме басқа болар еді. Бұлардың жағасында қолым, кеңірдегінде тісім кетер еді! Бірақ, бұл жағдай – оқыстан болған жағдай ғой. Әйтпесе, бір-бірінде бес бересі, алты аласы жоқ екі азамат айдалада соқтығыса ма?.. Бұл – Құдайдың ісі. Жазмыштан озмыш жоқ. Баламның маңдайына жазылған қазасы осы екен. Уһ-һ… Шебер Құдай әркімнің жанын өзіндік бір себеп арқылы алады. Сағаты соққан кезде оған ешкім де қарсы тұра алмайды, құлындарым… Уһ-һ… Сондықтан менің айтарым: Құдай салды — біз көндік… Әбдірахман, кешірім хатты жазып беріңдер. – Бағанағы кісі басын изеді. Инабат апа бізге бұрылды.
— Ал, қарғаларым, бәрің менің балаларымның құры екенсіңдер, ештеңелеріңнің керегі жоқ. Кештім құнын құлынымның. Құдай да бізді есіркесін… – Әжім торласа да, жарқылы қайтпаған жанарынан төгіліп түскен жауһарын кимешегіне түйіп алғандай көрінді маған. – Алдымызға келіп, «қылша мойыным талша» деп, айыптарыңды мойындағандарыңа Алла разы болсын! Артық-ауыз сөз кетсе, көңілдеріңе ауыр алмаңдар.
— О не дегеніңіз, апа! Сізге Алла разы болсын!
— Әумин, балам. Иә, айтса да, бері қараңдар. – Бәріміз «не айтпақшы» деп аңтарыла қалдық. – Ата-баба салтында кірбең түскен көңілді ізін қалдырмай тазарту үшін, шекісіп қалғанды бекіту үшін, жекжаттық қатынас орнатуды жөн көрген. Сондықтан менің тілімді алсаңдар, өсіп тұрған ұл-қыз бар шығар, қайта бірің қыз беріп, екіншің келін алып, құда-жегжат болыңдар бір-біріңмен. Иә, бұны да ойлап қойыңдар… Ал, мына кісілерге дұрыстап ас-суын беріңдер. Қазір келем, намазымды өтеп алайын. – Соңынан «Айналайын, апатайым-ай!..» деп көз алмай қарап қалыппын…
Ойпырмай, осы жасқа келгенше мұндай сұңғыла адамды көрмеген екенмін! Қайғысын қайратына, ашуын ақылына жеңдіре білетін, бойын билеген жан екен! Атына заты сай кісі екен! «Көненің көзі, асылдың сынығы» деген осындай-ақ болар! Баяғыда «ел анасы» атанған аналарымыз осы кісідей-ақ болған шығар! Шіркін!..» деп, анашым көпке дейін тамсанып жүрді. Апаларымыз қандай, ә?!»
Досымды тыңдап отырып, «Ақ кимешек астынан сені көрем, Ақ кимешек жоғалса… Нені көрем?» деген Мұқағаңның өлеңі ойыма орала берді…
Алғадай Әбілғазыұлы
Рабиға Саутқызы фб парақшасынанӘСЕРЛІ ӘҢГІМЕ!

https://fb.watch/3AKfNCUclg/

 Алғадай Әбілғазыұлы
Рабиға Саутқызы фб парақшасынан