Алматыда NERO / UBTECH жобасы аясында педагогтарды оқыту басталды!

18 қарашада Алматы қаласы Білім басқармасының ГНМЦНТО базасында «Жасанды интеллект және робототехника» бағыты бойынша болашақ тренерлерді даярлау бағдарламасы басталды.

Бағдарлама барысында Қытайдың UBTECH компаниясының мамандары қатысушыларға заманауи оқыту әдістемелерін, білім беру роботтарымен жұмыс істеуді және жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісінде қолдануды үйретеді.

Жобаның басты мақсаты — алдағы уақытта Алматы мектептерінің педагогтарын оқыта алатын және робототехниканы білім беру бағдарламасына енгізуге үлес қосатын білікті мамандар даярлау.

Оқыту барысындағы маңызды сәттермен бөлісіп отырамыз. Жаңалықтарымызды жіберіп алмаңыздар!

NERO × UBTECH — білім берудің болашағын қалыптастыратын технологиялар!