Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі әлі де сақталады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті ескертіп, тұрғындарды абай болуға шақырды.

Алматы облысының тауларында 18 желтоқсан мен 21 желтоқсан аралығында көшкін жүру қаупі сақталады.

«Тұрғындар, туристер және демалушылар қар көшкінін тудыруы мүмкін. Сол себепті қарлы беткейлерге шықпауды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», — деп хабарлайды ведомство.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін жүру қаупі бар 55 учаске бар.

 

“Адырна” ұлттық порталы.