АЙТА АЛМАҒАН-АЙТЫЛМАҒАН СӨЗДЕР…

Біздің айтпаған сөздеріміз, мақұлдамаған сезімдеріміз, ашылмаған танымдарымыз, көрсетпеген сүйіспеншілік, шығармаған қорқыныш, ауырсыну, айқайымыз жалпы қайда кетеді деп ойлап көрдің бе?
Айта алмаған сөздеріміз қайда кететінін білесің бе?
Жасағымыз келіп тұрса да, жасамаған нәрселеріміз қайда кетеді?
Айтқымыз келсе де, бірақ айта алмаған сөздеріміз шынымен не болады?
Өзімізге рұқсат етпеген сезімдеріміз қайда жоғалады?
Біз айта алмаған сөздеріміз ұмытылғанын қалаймыз, алайда олай емес, олар біздің денемізде қалады да ішімізді дыбыссыз айқай-шу, ащы өксіктерге толтырады…
Біздің айта алмаған сөздеріміз ұйқымызды қашырып, тамағымызды ауыртады…
Айта алмаған сөздер өлмейді, бірақ бізді өлтіреді…
Біздің айта алмаған сөздеріміз уға айналып, жан-жүрегімізді әлсіретеді…
Айта алмаған сөздер уайымға, парызға, уақытын күткен тақырыптарға, ашуға, ренішке және қайғыға айналады…
Айта алмаған сөздер сені өткенге құлыптайды…
Айта алмаған-айтылмаған сөздер жазылмаған жара болып қалады…
Сөз өлтіре де алады,
Сенімді мұқалтып…
Қатынасты үзіп…
Армандарды бұзып…
Өмірге деген құлшынысты жояды.
Егер сен МАҚТАУҒА, РИЗА БОЛУҒА, БАҒАЛАУҒА, ТАМСАНУҒА, СҮЮГЕ қабілетсіз болсаң…
АУЗЫҢА ИЕ БОЛ!
СӨЗДЕР …
Емдейтін болса айт, ауыртатын болса жұт, күмәндансаң сақтап қой…
Айтқаныңның бәрі рас болсын…
Ойыңа, сезіміңе, әрекетіңе сәйкес келмейтін сөздерді ерніңнен асырма..
Сөзіңді жұтуды таңдасаң, айналаңдағы көптеген адамдар сенің үнсіз қалғаныңды ешқашан түсінбейтіні есіңде болсын, кейбіреулер тіптен оны теріс түсінуі де мүмкін екенін ойла…
Жалпы сөзіңді түсінбейтін адамдар сенің үнсіз қалуыңды да түсінбеуі мүмкін…
Жағымпаз, жылпылдаған сөзге сенбе…
Алдыңда отырып айтқан сөздері мен өзің жоқта айтатын немесе сыбырласатын сөздері мүлдем өзгеше болатын адамдар көп екенін ұмытпа …
Сөздер әсер етеді, шабыттандырады, жауапкершілікпен сөйле …
Сөз алдауы да мүмкін, сыни ақылмен тыңдай біл …
Сөздер шығын келтіруі мүмкін, тым кеш болмай тұрып, артынан өкінбеу үшін сөйлемей төзе біл…
Сөз алдайды, құтқарады, үйретеді, қорлайды, қорғайды, біріктіреді, бөледі, емдейді, тәубаңа келтіреді, ынталандырады, ағартады, жаңылтады, таратады, мақтайды, шабуылдайды, сұрайды, растайды, жоққа шығарады, дұға етеді, білдіреді, әсер етеді, еске салады, жала жаба алады, анықтайды, жеңілдетеді, ақтайды, сасқалақтады, бөлектейдді, кешірім сұратады…
Сөздер кейде жеткіліксіз болады…
Сөздеріңнен гөрі іс-әрекетіңді күшейт…
Тыныштық алтын болуы мүмкін, әсіресе бетпе-бет келіп көз тірескенде немесе бет қимылымен үйлескенде …
Қарым-қатынастың басқа бір түрімен үнсіздікті ұштастыра білмесе, шатастыруы да мүмкін …
Бір-біріне көптеген қарама-қайшы эмоциялар, мысалы, қуаныш, бақыт, қайғы, ұялу, ашу, қарсылық, қорқыныш, тіпті махаббатты да көрсетуі мүмкін…
Маңызды нәрселер туралы үнсіз қалған күні біздің өміріміз де аяқталады.
Кейде сөйлегің келсе де, сөйлемейсің…
Басқа адам тыңдағысы келмейтін шығар деп ойласаң немесе солай сезінсең, әдетте үнсіз қаласың …
Қарым-қатынасты бағалайтындықтан, өзіңнің не сезінетініңді айтар болсаң, бұл қарым-қатынас нашарлайды немесе аяқталады деп қорқып, тіліңді тістейсің …
Үнсіздік теріс түсінік беруі, адастыруы да мүмкін…
Неғұрлы әңгімеге қатысуға, сөз бастауға және мүмкіндігінше қарым-қатынас орнатуға ТЫРЫСАТЫН бол…

Амантай Тойшыбайұлы