АЛЛАНЫ ТАНЫҒАН АРЫСТАН
Орыстың ғана емес, әлемнің ұлы жазушысы Лев Толстой өте діндар адам болыпты. Шіркеу қызметкерлерімен де сөзге келіп қала береді екен. Әсіресе “Иса құдайдың баласы” деген поптарға “Қателесесіңдер, Иса құдайдың ұлы емес, құлы. Егер “құдайдың ұлы бар болса” оның күнадан пәк ұлылығы қайда қалады? — деп тойтарыс беріп жүреді. Шіркеуден қатты көңілі қалып, Құдайды іздеген Толстой енді исламды зерттей бастайды. Құранды бастан аяқ бірнеше рет оқып шығады. Мұхаммед пайғамбардың өмірін, хадистерін оқи келе “Мен іздеген ақиқатты Исламнан таптым!” деп қуана жазады. Сөйтіп шіркеуден қуылады. Оған ұлы жазушы қатты қайғыра қоймаған. Өз пікірінен таймаған.
«Өмірдің мәнін өзінше түсіндіруде шіркеу ойына келгенін істеп бақты. Өмір заңы Иисус қағидаларына қайшы келді, ал шіркеу жалған түсініктер ойлап шығарды, яғни халық Иисус қағидаларына қайшы емес, керісінше үйлесімді өмір сүріп келеді-мыс. Бұл ақырында халықтың пұтқа табынушылардан бетер күн кешуімен аяқталды, ал шіркеу мұндай өмірді ақтағаны былай тұрсын, Иисус ілімінің мәні осында деп тұжырымдады.» Ясная Поляна, 1909 жыл, наурыз.
Христиан дінінің қағидаларына қанағаттанбаған Толстойдың, керісінше ислам дініне деген махаббаты шексіз болды. Бір күні мұсылман азаматына күйеуге шыққан орыс әйелі Е. Векликова ұлы жазушыға хат жазып, балаларының ислам дінін қабылдағысы келетінін айтып, ақыл-кеңес сұрайды. Сонда ұлы жазушы оған былай деп жауап қайтарады:
«Православиеге қарағанда мұсылмандықты жоғары қоюға келетін болсақ, мен мұндай таңдауды жан-тәніммен қолдаймын. Шын мәніндегі христиандық мұраттар мен христиандық ілімді жоғары қоятын мен үшін бұлай айту – таңқаларлық нәрсе, дегенмен мен үшін Ислам өзінің мән-мазмұнымен шіркеулік православиеден айрықша биік тұрғанында ешқандай күман жоқ. Сондықтан егер адамға шіркеулік православиені не Ислам дінін таңдау еркі қойылса, онда кез-келген саналы адамның күрделі де түсініксіз үштік, күнәні жуу, құпия суреттері бейнеленген әулиелер мен құлшылықтың күрделі түрінің орнына кімде-кімнің Алланың жалғыздығы мен Елшісін мойындау қағидасын ұстанатын Исламды таңдайтынында еш күдік жоқ…» Ясная Поляна, 15 наурыз 1909 жыл.
Гетенің ислам туралы жазбаларын қызыға оқып, өзінің де ислам жайлы ой-толғамдарын қағазға түсіріп отырған кемеңгер жазушы.
Толстойдың иман келтіргені туралы нақты мәлімет жоқ. Бірақ Исламға көзқарасы өте жақсы болғанын замандастарының бәрі жазып қалдырған.
20 ғасырдың басында Швед академиясы ұлы жазушыға тіпті Нобель сыйлығын бергізбей тастады. Толстойдың мұндай үлкен сыйлықты ала алмауына христиан дінінің қағидалары қанағаттандырмағандықтан, шіркеуден қол үзуі әсер етті. Осы оқиғадан кейін орыс шіркеулерінің бәрі Толстойға қарғыс жариялап, қоғамнан шеттетілді…
Айта кетер бір жайт, Лев Толстойдың бір әдеті бар екен: біреулерді мақтап, данышпан, дара тұлғаға теңеп суреттейтін болса, ұлы жазушы ақырын ғана “Сенің мақтап отырған адамың құдайға сене ме?” деп сұрайтын көрінеді.
Көпшілік жерде осы сұрақ қойылатын болса, отырған жұрт “ұлы жазушы Лев Толстой осында отыр” деп бір-бірінің құлақтарына сыбырлайды екен. Бір жолы мынадай оқиға орын алады. Үлкен отырыста атақты драматургтың сахналанған пьесасын бір жазушы жер-көкке сыйғызбай мақтайды келіп. Халық ұйып тыңдап отыр. Шыдамай кеткен Толстой ананың сөзін бөледі. “Ол құдайға сене ме?”.
Мақтап жатқан жазушы сасқалақтап “Ол жағын білмейді екем” дейді.
Сонда Толстой “ Сен өзің қызық екенсің, адам бойындағы ең маңызды нәрсені білмей тұрып, оны мақтауға қалай ғана дәтің барады” деп сөзден тосыпты.
Ал бізде осы сұрақты қоя алатын абыз ақсақал бар ма?
Нағашыбай Қабылбектің фб парақшасынан

