Алла Елшісінің алып жүрген жеті нәрсесі

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  бір аршын ұзындықта немесе одан да біраз ұзын бір михжәні бар болатын. Михжән деп ұшы иілген таяқты айтады. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  Хажәрул әсуадті алыстан сонымен ишарат етіп көрсететін.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  түйеге мінген кезде оны алдына асып алатын. Пайғамбарымыздың(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  «Уржун» деп аталатын бір мыхсаррасы (асасы) да бар болатын. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  Бақиулғарқадқа барғанда оны алып жүретін, оған сүйеніп отыратын, қолында айналдырып жүретін. Пайғамбарымыздың(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  осы мыхсарраны ұстап тұрып хутба айтқан кездері де болған.

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тау ағашынан жасалған Мәмшук деп аталған шыбығы да бар еді.

Хазреті Осман пайғамбарымыздың шыбығын алып, мінберде хутба айтқан кезде Жахжах бин Саид немесе Жахжах бин Қайс хазреті Османның қолынан шыбықты алып, тізесімен бүгіп, сындырады. Халық Жахжахқа айқайлайды. Хазреті Осман мінберден түсіп, үйіне кетеді.

Осыдан кейін Алла Тағала Жахжахтың қолына немесе тізесіне қышыма ауруын жібереді. Жахжах хазреті Осман шәһит болғаннан кейін бір жылға жетпестен қышымадан өледі.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзімен бірге тарақ, айна, мисуак, гүл майы, сүрме және қайшы алып жүретін, оларды сапарда, қауіпті жерлерде де үнемі алып жүрді.

Хазреті Айша(Оған Алла разы болсын): «Соғыстарға Алла Елшісінің гүл майын, тарағын, айнасын, екі қайшысын, сүрме салғышын және мисуагын дайындайтынмын» деген.

Сондай-ақ, хазреті Айша (Оған Алла разы болсын): «Сапарда және қауіпті жағдайда Расулуллаһ жеті нәрсені: 1.Гүл майы шынысы, 2. тарағы, 3. айнасы, 4.сүрме салғыш, 5.мисуагы, 6.екі қайшысы, 7. шаш бөлетін сүйегін қасынан тастамайтын» деген.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  күніне сақалын екі рет тарайтын.

Әнәс бин Малик: «Алла Елшісі жиі-жиі шашына гүл майын жағатын, сақалын сумен тарайтын» дейді.

Тәртіпке, реттілікке үлкен мән беретін: Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тазалыққа, тәртіпке үлкен мән беретін. «Кімнің шашы бар болса, оған жақсы қарасын» дейтін. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  мешітте отырған кезде шашы жалбыраған біреу ішке кіреді.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мына адамның шашын жатқызатын гүл майы да жоқ па?» деп, оны дереу сыртқа шығарып, шаш-сақалын реттеуді қолымен ымдайды. Ол адам шашын жатқызып, қайтып келгенде пайғамбарымыз: «Сендердің бірілеріңнің осылай келгені жақсы ма, әлде шаш-сақалы шайтан сияқты жалбырап келгені жақсы ма?» дейді.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  сақалының шетін және ұзындығынан біраз қысқартатын (қидыратын). Жұма намазына шығарда мұртын қысқартып, тырнағы өссе алатын. Мұсылмандарға да мұрттарын қысқартуды бұйыратын.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  айнаға қараған сайын Аллаға шүкіршілік етіп, «Алла Тағалам! Келбетімді әдемі етіп жаратқаның сияқты мінез-құлқымды да көркем ет» деп дұға ететін.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  әр кеш сайын ұйықтамастан бұрын көзіне үш рет сүрме жағатын. Сүрмені оң көзіне үш рет, сол көзіне үш рет жағатын. «Сүрме жағыңдар. Өйткені, ол көзді нұрландырады, кірпікті өсіреді» дейтін.

Ислам ғалымдары ер адамның сүрмені ем үшін жағуына болатынын, сән үшін жағуына болмайтынын айтады. Жамал (көркемдік) және зинет (сән) сөздерін бір-бірімен шатастырмау керек. Жамал – көріксіздікті кетіру, салиқалы болу және шүкіршілік ету үшін нығметті көрсету дегенді білдіреді. Көрсету үшін, мақтану үшін нығметті көрсету жамал болмайды, тәкаппарлық болады.

Алла Елшісі(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  мисуак қолдануға қатты мән беретін. Оны үнемі өзімен алып жүретін. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  «Әрак ағашының шыбығын мисуак етіңдер» деп бұйыратын. Мисуак ауызға жақсы иіс береді. Алла Елшісі(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың мисуагы» деген.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер үмметіме қиындық келтірмесем әр намаз үшін мисуак қолдануды оларға бұйырар едім» деген.

«Мисуак қолдануларыңа қатты кеңес беремін».

«Мисуак – ауыздың тазалығы және Раббымның разылығы» деген.

Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйге кіргендегі алғашқы ісі – тісін мисуактау болатын.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  мисуаксыз ұйықтамайтын, оянған кезде алғаш істейтін ісі – тісін мисуактау болатын. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  түнде тәһәжжүд намазына тұрған кезде де тісін мисуактайтын.

Хазреті Айша: «Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оянған кезде дәреттен бұрын мисуак қолданбаған кезі болған емес» деген.