“АҚ ЖОЛДАН” АЗАТ КЕТТІ, ДӘНИЯ САЙЛАНДЫ
Бүгін партия сиезінде Азат Перуашев “Ақ жол” партиясы төрағалығынан кетті. Оның орнына жаңа төраға болып партиядағы орынбасары, Мәжілістің вице-спикері Дания ЕСПАЕВА сайланды.
65 жастағы Дәния Мәдиқызы экономист мамандығын алған. Ұзақ жылдар елдегі екінші деңгейлі ірі банктерде басшылық қызмет еткен. Он жыл болды “Ақ жол” партиясы атынан үш шақырылымда қатарынан депутат болып келеді. 2023 жылдан бері Мәжіліс төрағасы орынбасары.
2019 жылы партия атынан Президентікке үміткер ретінде қатысып, 5,05 % дауыс жинаған болатын.
58 жастағы Азат Перуашев төрт шақырылм бойынша 12 жыл бойы депутат болып келеді. Назарбаев кеткенде көңілі босап, былтыр Штрафстан деп айтып қалып Президенттен сөз естіген.
Ержан Төлек фб парақшасынан


