«Әділет» партиясы Қарағанды облыстық филиалының кезектен тыс II конференциясы өтті
Конференция барысында алдағы сайлау науқанына дайындықтың негізгі бағыттары талқыланып, партияның сайлау процесіне қатысуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Жиында партияның алдағы саяси науқанға дайындығы, сайлауға кандидаттарды ұсыну тәртібі мен олардың кандидатураларын бекіту мәселелері кеңінен сөз болды. Делегаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, партияның сайлауалды жұмысының басым бағыттары айқындалды.
Конференция қорытындысы бойынша партия делегаттарының шешімімен алдағы сайлауға партия атынан қатысатын кандидаттар анықталды.
Бұл — кандидаттар үшін үлкен жауапкершілікпен қатар, халықтың сенімін ақтауға бағытталған маңызды қадам. Партия атынан сайлауға түсетін әрбір кандидат ел мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге өз үлесін қосуға дайын болуы қажет.
Жиында алдағы саяси науқанның маңыздылығы, сайлау жұмыстары заң талаптарына сай, ашық әрі жауапкершілікпен жүргізілуі қажеттігі атап өтілді.
Алдағы кезеңде партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын халыққа түсіндіруге, азаматтармен ашық диалог орнатуға және тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдауға басымдық береді.
Сайлау — ел болашағына қатысты маңызды таңдау.
Сондықтан бұл үдерісте әрбір азаматтың дауысы мен әрбір кандидаттың жауапкершілігі айрықша маңызды.
«Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалы алдағы саяси науқанға белсенді қатысып, халықпен тығыз байланыс орнату және өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін көтеру бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

