АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ҮШ МЕКТЕБІ

 Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми зерттеу институтының
«Абайтану және Мұхтартану» , «Түркология», «Тарих және этнология» ғылыми орталықтарының ұйымдастыруымен
«Цифрлық дәуірдегі рухани үндестік: Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Менің баяндама жасаған тақырыбым:
«Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы: адам тәрбиесінің үш мектебі» болды.
Аталған үш мектептің ілімдерін салыстырмалы түрде талдау арқылы біз олардың арасындағы идеялық сабақтастықты, ортақ құндылықтарды және айырмашылықтарды анықтауға тырыстық.
Сонымен қатар, бұл ойшылдардың адам тәрбиесіне қатысты тұжырымдарының қазіргі қоғамның рухани жаңғыруы мен ізгілену үдерісіндегі маңызын айқындау да зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі болды.
Адам тәрбиесі аса үлкен мәселе болса, оны ұлы ойшылдар өз еңбектерінің орталық тақырыбы ретінде жылдар бойы қарастырып өткен болса, онда адамдар дүниеге келгенде тәрбиесіз болып туылады ма?
Сонда тәрбиенің мақсаты не, бұл тәрбие процесінің түпкі нәтижесі қандай болмақ? Адамның тәрбиелі болуы ақылды болуымен тең түсінік пе деген сауалдарға жауап іздедік.
Үш тұлғаның тәрбие мектебінде де адамдар ақылды болып тумайтыны, жүре келе жетілетіні сөз болған…