Абайдың Мәшһүр Жүсіпке қойған сұрағы

Тобықтының еліне сапарлап шыққан Мәшһүр Жүсіп бірер кісімен ақынның үйіне кіріп келгенде, Абай оған әлденеше тосын сауал қойып:
– Ақымақ басқа адырайып көз бітеді, дуалы ауызға сылдырлаған сөз бітеді. Келбетсіз емес екенсің. Айтшы, Құдай қайда? Жұмақ пен тозақ қайда? – депті. Сонда Мәшһүр іркілместен:

– Абайдың Құдайы қайда екенін білмеймін. Менің Құдайым, міне, жүрегімде тұр. Жұмақ пен тозақ әркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – Жұмақ, ақымақ болса – тозақ, – деген екен. Абай сонда: «Мәшһүрім, десе дегендей екенсің, төрге шық» – деп құрмет көрсетіпті.