«Абай елі – өнер кеніші» облыстық байқауының жеңімпазына заманауи құрылмалы сахна кешені сыйға берілді Бүгін Семейде Абай атындағы театрда «Абай елі – өнер кеніші» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы шығарылды.
Былтыр облыс әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет өткен байқау биыл да дәстүрлі түрде жалғасын тапты. Шараға өңірдің он ауданынан екі мыңға жуық өнерпаз бағын сынады. Олар өз аудандарында ұйымдастырылған концертке қатысып, облыс орталығындағы
қорытынды концертке жолдама алды.
Абай театрында өткен гала концертте әр ауданның өкілдері өнер көрсетті. Ән-күй, жыр-терме, театрландырылған көріністер арқылы халқымыздың салт-дәстүрі, рухани болмысы мен ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталды.
«Абай елі – ән мен жырдың бесігіне айналған, ұлт руханиятының алтын қазығы қағылған қасиетті мекен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Руханияты мықты елдің болашағы да баянды болады», – деп атап өткен болатын. Арғы тарихқа көз жүгіртсек, бұл өңірде қазақтың сөз өнері мен саз өнерінің мәңгілік ізі жатыр. Дала дауылпазы Дулат Бабатайұлы мен Ақтамберді жыраудан бастау алған ұлы көш, хакім Абай кемеңгерлігімен кемелденіп, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мұхтар Әуезовтей алыптардың мұрасымен жалғасты. Ән әлемінде Әміре Қашаубаевтай дарабоздың дауысы дүниені тамсандырған осы топырақта қазақтың бұлбұл үні Бибігүл Төлегенова мен Роза Рымбаеваның өнері өрледі. Кешегі келмеске кеткен Келдембай Өлмесеков, Тұрсынғазы Рахимов, Санақ Әбеуов, Болат Сыбанов сынды саңлақтар да Абай еліндегі өнердің туын төмен түсірмей, биікке көтеріп өтті. Сол алыптар салған сара жолды жалғау – бүгінгі сахнаға шығатын әр өнерпаздың қасиетті парызы. Өнер – ұлттың жаны. Ал сол жанды тірілтіп тұратын – сіздердей талант иелері. Бүгінгі кеште сахна төріне шығып, жеңіс тұғырынан көрінетін барша өнер ұжымдарына сәттілік тілеймін», — деді аймақ басшысы.
Өткен жылы Бородулиха, Жарма, Ақсуат аудандарында және бірқатар елді мекендерде жаңа мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар халық игілігіне берілді. Ал биыл Үржар ауданының Жоғарғы Егінсу ауылында, Мақаншы ауданының Көктерек ауылында, Ақсуат ауданының Көкжыра ауылында жаңа мәдениет ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Сегодня в театре имени Абая в Семее подвели итоги областного конкурса художественной самодеятельности «Абай елі – өнер кеніші».
На сцене театра имени Абая представители каждого района представили свои творческие номера. В программе были песни, кюи, жыр-терме и театрализованные постановки, направленные на популяризацию народных традиций, духовных ценностей и национальной культуры.
«Область Абай – священный край, ставший колыбелью песни и поэзии, золотой опорой национальной духовности. Глава государства Касым-Жомарт Токаев отмечал: «Культура – духовная опора нации. Будущее страны с сильной духовностью будет прочным». Если обратиться к истории, именно на этой земле навсегда остались следы великого казахского слова и музыкального искусства. Великая традиция, начатая Дулатом Бабатайулы и Актамберды жырау, получила свое совершенство в мудрости Абая и продолжилась наследием таких великих личностей, как Шакарим Кудайбердиев и Мухтар Ауэзов. Именно на этой земле прозвучал голос выдающегося Амре Кашаубаева, а также расцвело творчество Бибигуль Тулегеновой и Розы Рымбаевой. Такие мастера, как Келдембай Олмесеков, Турсынгазы Рахимов, Санак Абеуов и Болат Сыбанов, также высоко подняли знамя искусства земли Абая. Продолжать путь, проложенный этими великими людьми, – священный долг каждого артиста, выходящего сегодня на сцену. Искусство – душа нации. А поддерживают эту душу именно такие талантливые люди, как вы. Желаю всем творческим коллективам, которые сегодня выйдут на сцену и будут бороться за победу, удачи», – сказал глава региона.
В прошлом году в Бородулихинском, Жарминском, Аксуатском районах и ряде населенных пунктов были введены в эксплуатацию новые дома культуры и сельские клубы. В этом году активно ведется строительство новых объектов культуры в селе Жогаргы Егинсу Урджарского района, селе Коктерек Маканчинского района и селе Кокжыра Аксуатского района.
ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ





