АБАЙ ДАНАЛЫҒЫН АРҚАУ ЕТКЕН ЖАҢЫЛМАС
Еліміздегі көзі ашық азаматтардың, зиялы қауымның, соның ішінде ел билігінде жүрген азаматтардың жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар Абай мұрасын меңгеруі — тұлғалық болмыстың өлшемі болуға тиіс деп ойлаймыз. Сонда, артында өлмейтұғын сөз қалдырған өзге де тұлғаларды ұлықтау ісі жаңа мазмұнға ие болмақ.
Өркениетті елдерде оның үлгісі бұрыннан қалыптасқаны белгілі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында”:
“Абай халқымыздың енбекқор,
білімпаз және адамгершілігі жоғары болғанын қалады. Мән-мағынасы жоқ сансыз пікірталастан басқа ұрпаққа
ұлағат боларлық сөз қалдырмаған бірқатар қоғам қайраткерлерінің мұрасынан Абай ілімі әлдеқайда биік тұрғаны анық. Бірде-бір дәуірде, әсіресе, саяси аласапырандар кезеңінде көпірме сездің еш пайдасы болмаған” деп жазды.
Енді түрлі ресми жиындарда, бейресми жиналыстарда көпірме сөз айтуға әуескер басшылар, қайраткер — министрлер, түрлі деңгейдегі депутаттар мен әкімдер, даңқы жоқ, атағы бар жазушылар мен журналшылар, тағы басқа сөзшеңдер мен жазғыштар осындай мәдениетті тұрғыдағы ескертуден кейін тиісті қорытынды жасаса игі еді.
Өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының:
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген өнегелі жырының өзі нағыз гуманистік тәрбие, талап емес пе? Оның елімізде, әлемде орындалуы қай деңгейде?
Данышпан ақынның сарқылмас даналығы, бөтен сөзбен былғанбаған көркем сөзі қазіргі ұрпағының санасын қалай жаңғыртып жатыр?
Қай салада оңды қадам, қайсы
істе ілгерілеу бар? Өзге жұрттан қалып қоймайтындай қандай амал жасап бағудамыз?..
Мемлекет басшысы сұхбатында:
“Халықаралық дау-дамайларда ара ағайын болатын ешқандай ойым жоқ, сондай-ақ, бірқатар елдердің ұсыныс-пікіріне қарамастан, БҰҰ-дағы жұмысқа кайта оралатын ниетім де жоқ. Бірақ, жабық кеңестер мен пікір-таластарға қатысамын, оның үстіне бірқатар мемлекет басшылары менің пікірімді білгісі келеді. Мен үшін осы маңызды жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың еш қажеттігі жоқ, себебі популизмнен аулақпын. Бұл ұстанымым жабық
кеңестерге қатысушылар үшін де
маңызды болса керек” деді.
Осы сөздерді оқығанда, басшылардың көлеңкесінен табылатын пысықайлар мен қолында билігі бар жекелеген азаматтардың популизмге бой алдыратыны бірден ойға оралды. Әйтпесе, онысын бүкіл халық көріп, сезіп, байқап отырады.
Шын мәнінде, “Уағыз арқылы емес, өнеге көрсету арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады”.
Жалпы, жыл басындағы сұхбатта
әлемдік қауымдастық, мемлекет алдында тұрған үлкен де жауапты міндеттер айтылып, терең талдаулар жасалды. Мұндай тұжырымдар жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ басқан шақта қоғамның санасын, замандастар ұстанымын өзгертуге сөзсіз ықпал етеді.
Дархан МЫҢБАЙ

