Ақ ордам  асқақ — Астанам!  

 Астана 20 жылдығына орай

Бүгін Шетпе селосындағы Жастар орталығы ғимаратының мәжіліс залында Маңғыстау ауданы әкімдігінің «Аудандық жастар ресурстық  орталығы» КММ — ның және «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен  осындай тақырыпта суретшілер байқауы болып өтті. Байқауды орталық басшысы А.Қонарбаев ашып, жиналған қауымды  және байқауға қатысушыларды Астана 20 жылдығымен құттықтады.  А.Қонарбаев: «Бұл байқаудың басты мақсаты — Еліміздің бас қаласы Астана  қаласының 20 жылдыға аясында  елорданың мәртебесін өсіру, бас қаладағы әдемі де әсем жерлерді насихаттау, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуга ат салысу, Ұлыстың ұлы күнінежастар атынан  үлес қосу» деді ол.

Аталмыш байқау алдымен сурет көрме ретінде 10 наурыздан   басталды. Бүгін  Ұлыстыңұлы күні қарсаңында көрменің соңы байқауға ұласып жеңімпаздар анықталды.

Байқауға аудандағы білім беру ұйымдарынан 300 ден астам суреттер  ұсынылды. Аталмыш байқауға  қатысушылар өздерінің  Астананың кез- келген әсем жерін, көшесін, ғимаратын  салған  суреттерін тапсырды. Байқауға әділқазылықты Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, журналист Бірғали Байекеев төрағалық етсе, суретші Мейрман Есенов сынды өнертанушылар өз бағаларын берді.

Байқау нәтежиесінде Жыңғылдылық Есір Айшуақұды атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Көшкінбай Айгүлдің  «Кіші Отаннан — Ұлы отанға» суреті жүлделі бірінші орын, екінші орынды Тұшыбек ауылының Тұшыбек бастауыш мектебінің оқушысы Раулов Әлиханның   « Елбасы және  Астана» атты суреті иеленсе, үшінші орынды Өтестік орта мектеп оқушысы Салиуллақызы Лаураның  «Түнгі Астана» суреттері жүлдеге ілініп, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Ал қалған қатысушылар орталық атынан сыйлықтармен марапатталды.

«Бүгінгі байқау орынды ұйымдастырылып отыр. Себебі казіргі таңда әсем де әдемі қала Астанаға қарап көзің тоймайды, көңілің бір марқайып қалады. Мен жыл сайын Астанаға қыдырып барып тұрамын, өткен жылы немерелерімді алып барып көңіл көтеріп қайттық. Астана жыл сайын емес сағат сайын өзгеріп гүлденіп, түрленіп келеді. Бұның өзі өзгелерге көп үлгі. Мұның өзі Елбасының сарабдал саясатының айқын жемісі дегем келеді. Егер Елбасымызы Астананы салмаса не болар еді. Сондықтан мен осындай фотобайқау ұйымдастырып отырған жастар орталығы ұжымына дән ризамын. Астанадағы қызықты фотосуреттердің байқауы жыл сайын өтсе жақсы болар еді.  » дейді бірінші орын иегері шетпелік Көшкінбай Айгүл.

Дина Жолдасбайқзы

Аудандық жастар орталығы  бас маманы.

Маңғыстау ауданы.