«Әбіш әлемі»  әдеби жастар байқауы

Ә.Кекілбаевқа арналды

Бүгін қасиетті  Онды ауылындағы, Онды орта мектебінде   аудандық жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен 22 наурыз Ұлттық мерекесіне орай дәстүрлі «Әбіш әлемі»  атты аудандық жас  ақындар  мүшайрасы болып өтті. Мүшайраға он беске жуық  ауданның әр түкпірінен Әбіш Кекілбаевтың  ақын ізбасарлары  қатысты.

Ақындарға    ақын Аллаберген Қонарбаев, ақын Ағилаш Өмірова,  мектеп басшысының м.а, тіл маманы  Жания Қабылқақова қазылық жасады.

Мүшайраға қатысушы ақындар екі бағытта жырларын орта салды біріншісі ұлы жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен еңбегін  жырлау болса,   екіншісі Маңғыстау жайында  патриоттық тақырыпта жырларын ұсыну болды.

Көктемнің алғашқы ұлық мерекесіндегі додада бірінші орынды Шетпелік ақын Мейрамбек Ордабеков иеленсе, екінші орынды Жыңғылды ауылының  жас ұстазы Шопанова Айболған, ал үшінші орынды Шайыр ауылынан келген  жас талапкер ақын Серіков Аманжол  иеленді.

Шара соңында барлық жас ақындар   ұйымдастырушлар тарапынан алғыс хаттарға ие болды. Келген жас ақындар барлығына Алғыс хаттар мен сый сияпат көрсетілді.

«Мен осы мүшайраға алғаш рет қатысып тұрмын.Өткен жылы басталған байқауға қатты қатысқым келіп еді. Міне биыл үлгеріп, қатыстым. Ризамын. Алдағы уақытта осындай мүшайралар өтіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Ұйымдастырушы жастар орталығына алғысым шексіз.Әбіш ата әруағы жар болсын бәрімізге.» Шайырлық ақын  Аманжол Серіков.

Еркебұлан Төлепбаев

«Жас Отан» мүшесі  

Маңғыстау ауданы.