АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ — САУАПТЫ ІС

Ауданымызды көгалдандыру және көркейту мақсатында бүгін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков Шу қаласы мен ауылдық округтерде ағаш отырғызу акциясына арнайы қатысып, жасыл желектің артуына атсалысты. Жыл өткен сайын дамып, тұрмысы тіктеліп келе жатқан ауданда экологиялық ахуал қашан да өзекті екені сөзсіз. Сол себепті де бұндай шаралардың маңызы зор болмақ.
Қаладағы “Теміржолшылар” саябағы мен аудан орталығында орналасқан Оқушылар сарайының маңына түрлі ағаш көшеттері мен жеміс ағаштары отырғызылды. Үш сауаптың бірі-тал отырғызу десек, тал егудің адамзат тіршілігі үшін аса бір маңызды, қажетті іс екендігін аңғару қиын емес. Аталған игі іс ертең де жалғасын тауып, алдағы 2-3 күнде аудан бойынша 20000 түп ағаш отырғызылмақ.
Бір айта кетерлігі, қаланы көгалдандыру тек әкімдіктің міндеті десек, қателесеміз. Өңірдің гүлденуі мен көркеюі тікелей тұрғындардың белсенділігіне байланысты. Егер әрбір азамат өз үйінің іргесіне, ауласына немесе көшенің бойына көшет отырғызса, ауданымыз көп ұзамай-ақ жасыл желекке айналары анық.

Шу ауданы әкімдігі