Өлкелік туризм жобасы аясында

Өлкелік туризм жобасы аясында
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира және Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері Жуалы ауданына
келіп ауданымыздың тарихымен танысып, тарихи-өлкетану музейін аралап Батырбек датқа ескерткішіне тағзым жасап, Халық Қаһарманы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойды.
Шараның жалғасы Жуалы ауданының мәдениет үйінің сахнасында Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлерінің Меркі ауданының 95 жылдығына орай «Киелі мекеніміз – баға жетпес байлығымыз» атты кітапханалық калейдоскоп кешімен жалғасын тапты.

Жуалы ауданы әкімдігі