Павлодарда оқу-әдістемелік құралдар құрастырған 28 педагог марапатталды
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Үздік оқу-әдістемелік басылым» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Павлодар қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, байқауға ұсынылған оқу құралдарын көпшілік алдында қорғау өткізілді.
Байқаудың 1-ші сырттай кезеңінде «Балалық шақ-тұлғаны дамытудың стратегиялық ресурсы», «Жоспарланған нәтижеден бастапқы мүмкіндіктерге», «Даму ортасы бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде», «Білім жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде» бағыттары бойынша ұсынылған 100-ге жуық оқу құралдарын, әдістемелік құралдарды, оқу-көрнекі құралдарын, облыс педагогтарының әдістемелік ұсыныстарын қаралды.
— Сараптама комиссиясы бір ай ішінде тәжірибелік құндылығы, өзектілігі және қисынды аяқталғандығы бар жұмыстарды қарап, іріктеп алды, — деді білім беру бөлімінде. – Қорытынды күндізгі кезеңге 47 жұмыс жіберілді. Олардың 25-ін Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары таныстырды.
Презентацияда қатысушылар жұмыс тәжірибесін көрсетіп, сабақ үзінділерін, осы құралдар бойынша жұмыс кезінде балалардың қол жеткізген жетістіктерінің нәтижелерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша 28 үздік педагог дипломдармен марапатталды. Үздік әдістемелік материалдар институттың сараптамалық кеңесінің рецензияларына ие болады және педагогикалық жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында басылымға ұсынылады.
Ақпарат және сурет «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды