Ұрпақтар сабақтастығы – ел болашағының берік негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Құрылтайдың ашылуындағы сөзін ардагерлер қауымы еліміздің болашағына бағытталған маңызды саяси бағдар деп қабылдайды.
Президент көтерген мәселелердің әрқайсысы елдің тұрақтылығы мен дамуы, ұлттық мүддені қорғау, қоғамның бірлігі және мемлекеттік институттардың жауапкершілігімен тікелей байланысты.
Біз, аға буын өкілдері, ел тарихындағы талай кезеңді бастан өткердік. Сондықтан тұрақтылық пен бейбітшіліктің, бірлік пен қоғамдық келісімнің қандай үлкен құндылық екенін жақсы түсінеміз. Бүгінгі өзгерістердің басты мақсаты да – осы құндылықтарды сақтай отырып, Қазақстанды жаңа даму деңгейіне көтеру.
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанды» қалыптастыру бағытындағы бастамалары қоғамның әр мүшесінен жауапкершілік пен белсенділікті талап етеді. Бұл ретте ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен қоғамдық ұстанымы жас ұрпаққа бағыт-бағдар беруде маңызды рөл атқарады.
Біздің басты ұстанымымыз – ел бірлігіне қызмет ету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және Қазақстанның жарқын болашағына өз үлесімізді қосу.
Қазақстанның ертеңі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Әбілғазы Құсайынов,
«Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің РҚБ Төрағасы
Ардагерлер Ұйымы Орталық Кеңесі facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1HxwHU53zY/