Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, еліміздің заңнамасына түзетулер енгізу қажет.
Құрылтай заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуі керек.
Құзырлы органдар депутаттармен бірлесіп, «Е-Parliament» платформасын Құрылтай қызметіне тезірек бейімдеуі қажет.
Құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде үн қататын жалпыұлттық диалог алаңына айналуы қажет.
Депутаттар бірінші сессияда бірқатар маңызды заңдарды қабылдауы қажет.
Үкімет тиісті еліміздің көші-қон саясатын жетілдіру туралы заң жобасын Құрылтайға жолдауы керек.
Биыл Үкімет «Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасын да әзірлеп, Құрылтайға енгізуі қажет.
Құрылтай қос палаталы Парламенттің депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдауға тиіс.
Ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару қажет.
Энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын да тездетіп қарастыру маңызды.
Онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарға айрықша назар аудару керек.