ҚР Премьер-министрінің орынбасары Аида Ғалымқызы Балаеваның мақаласындағы САПА туралы ойы ұнады

Біз бәріміз барлық нәрсенің сапалы болғанын жақсы көреміз ғой. Аида Ғалымқызы мемлекет тарапынан бұл мәселеге көзқарас қандай екенін жазып отыр. Ал, мен қашанда көтеріліп отырған мәселеге қоғам тарапынан көзқарасымды жазамын.
​Мемлекет – жағдай жасаушы. Білім саласына келетін болса – мектеп салу, ішін жабдықтау, ұстаздармен қамтамасыз ету, т.б. осы сияқты мәселелерді САПАЛЫ орындауға міндетті. Ал, біз – қоғам, сол жағдайды САПАЛЫ қолданушы ғана емес, сол мүмкіндікті дұрыс пайдаланушы екенімізді ұмытпайық.
​Мектепті салатын ҚҰРЫЛЫСШЫ, жихазды жасаушы ШЕБЕР, кітап жазатын ҒАЛЫМ, балаларды оқытатын МҰҒАЛІМ, мектепті басқаратын ДИРЕКТОР – барлығы біздің арамыздағы адам немесе ҚОҒАМ мүшесі. Онда мақалада көтеріліп отырған САПА мәселесі – ортақ мәселе екен ғой. Мың жерден жағдайы керемет мектеп салып берсе де, егер мұғалім сапалы білім бермесе, онда барлығы босқа қалады.
​Денсаулық саласы да дәл солай.
​Адам құқығы саласы да өзімізге байланысты – ағайынгершілік, туыстық, жерлестік мәселесін артта қалдырып, «тура биде туған жоқ» қағидасын ұстанып, заңмен өмір сүру дағдысын қалыптастырғанда ғана САПАЛЫ деңгейге көшеді. Біз үшін ол өте мағызды.
​Мемлекеттің жасап отырған жағдайын дұрыс қолданатын, ортақ жауапкершілікті көтере алатын қоғам керек.
​Қабылданған Жаңа Конституция да, жасалып жатқан реформалар да халық үшін, қоғам үшін қажет. Біз соны көре білсек, қолдана білсек, жүзеге асыруға белсене қатыссақ – біздің ӨМІР САПАМЫЗ арта түсетіні анық.
​Баршамызға, оның ішінде балаларымызға САПАЛЫ өмір сүру бұйырсын десек – өзімізден бастайық, ағайын.
Назипа Шанаи facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/18GwdiHhRM/