Далай-ламаның Мұрагерлік манифесі және геосаяси текетірес

Қытай мен Үндістан арасында шешілмген даулы мәселелер мен геосаяси теке тіреске бастайтын кейбір проблемалар әлі де сақталып келеді. Соның бірі-Үндістанда өмір сүріп жатқан 14- Далай -лама Тензин Гьяцоның төңірегінде болып отыр. Ол 1959 жылы Тибеттен кетіп, Үндістанға барып саяси баспана алған еді. Сонан бергі уақытта оның рухани көшбасшылығын ҚХР үкіметі мойындаған жоқ. Бұл ұзақ әңгіме. Ал, біздің сөз еткелі отырғанымыз биылғы шілдедегі жаңалық жайлы болмақ.
2026 жылдың 2 шілдесінде Тибеттің рухани көшбасшысы 14-ші Далай-лама Тензин Гьяцо өзінің 91 жасқа толған мерейтойы қарсаңында халықаралық саяси және дипломатиялық ортада үлкен резонанс тудырған арнайы мәлімдеме жасады. Үндістанның Дхарамсала қаласында жарияланған бұл құжатта 15-ші Далай-ламаны іздеу, анықтау және тану процесінің құқықтық, діни әрі рухани негіздері айқын белгіленді.
Далай-лама институты сақталған 600 жылдан астам тарихта мұрагерлік мәселесі тек Тибет халқы үшін емес, бүкіл Буддизм әлемі үшін ең қасиетті дәстүрлердің бірі болып саналады. Алайда, қазіргі заманда бұл мәселе айтарлықтай саяси астарға ие болды.
Манифестің негізгі ережелері мен халықаралық салдары
Дербестік қағидасы: Мәлімдемеде Далай-лама өзінің реинкарнациясын (қайта оралуын) тану құқығы тек «Далай-лама Гаден Фодранг қорына» тиесілі екенін және кез келген мемлекеттік немесе саяси билік өкілдерінің бұл процеске араласуы заңсыз әрі жарамсыз деп танылатынын кесіп айтты.
Бұл мәлімдеме Шығыс Азиядағы ықпал ету аймақтары мен аймақтық тұрақтылыққа тікелей әсер етті. Халықаралық сарапшылар мұны рухани сабақтастықты сақтауға бағытталған қадам ғана емес, сонымен бірге сыртқы саяси күштердің идеологиялық қысымына қарсы қойылған бекем тосқауыл деп бағалады.
Шілде айы бойы бұл мәселе БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде, АҚШ Конгресінде және Еуропалық Парламентте кеңінен талқыланып, халықаралық қауымдастық өкілдері Тибет халқының діни сенім бостандығы мен рухани таңдауын қолдайтындықтарын білдірді. Бұл оқиға 21-ғасырдағы дін, халықаралық құқық және геосаясаттың тоғысқан жеріндегі ең күрделі түйіндердің бірін көрсетіп берді.
Мұрагер сайлау дәстүрі
Ашық дереккөздердегі анықтамалар бойынша мұрагер таңдаудың өзіндік ерекшеліктері бар екенін білуге болады. Далай Лама дауыс беру арқылы сайланбайды, керісінше оның мұрагері тибеттік буддистердің ерекше «реинкарнация» жүйесі арқылы анықталады. Дәстүрлі процесс мыналарды қамтиды: 1. Белгілер: Алдыңғы Далай Лама қайтыс болғаннан кейін, жоғары лауазымды монахтар көлді бақылау (мысалы, Лхамо Лацо), өлім кезіндегі дененің бағытын және мұржалардан шығатын түтіннің бағытын бақылау сияқты діни белгілерді пайдаланып, келесі Далай Ламаның орналасқан жері мен туылуы туралы белгілерді табады. 2. Кандидаттарды таңдау: Жоғары лауазымды монахтар осы белгілерге сүйене отырып, туған уақыты мен сипаттамаларына сәйкес келетін ұлдарды іздейді; әдетте бірнеше кандидат болады. 3. Затты анықтау: Кандидаттардан алдыңғы Далай Лама өткен өмір естеліктерінің дәлелі ретінде пайдаланған жеке заттарды, дұға моншақтарын немесе рәсімдік құралдарды анықтау сұралады. 4. Соңғы растау: Расталғаннан кейін таққа отыру рәсімі өткізіліп, ресми түрде лауазымға тағайындалады.
Геосаяси тартысқа бастайтын қадам
14-ші Далай- лама Тензин Гьяцо әлем назарында тұрған тұлға. Мұның астарында Тибет мәселесі, діни сенім бостандығы және Қытай үкіметінің жүргізіп жатқан саясаты және оған қарата АҚШ бастаған батыс елдерінің реакциясы жатыр. Былтыр шілде айында Далай-лама 90 жасқа толған мерейтойы қарсаңында тағы да осындай мәселелер күнтәтібіне көтерілген еді.
Қазіргі дау: 14-ші Далай Лама реинкарнация жүйесі жалғасатынын және ол құрған Ганден Пходранг трасты мұрагерлікті басқаруы керек деп мәлімдеді. Алайда, Қытайдың орталық үкіметі Далай Ламаның реинкарнациясы ұлттық заңдарға, діни рәсімдерге және тарихи әдет-ғұрыптарға сәйкес келуі керек және орталық үкіметтің мақұлдауын талап етеді. 2025 жылдың басында Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Далай Ламаның саяси жер аударылған және тибеттіктерді қорғауға құқылы емес екенін мәлімдеді. Қытай үкіметі тибеттіктерді құқықтарынан айырғанын жоққа шығарып, оның билігі Тибеттегі крепостнойлықты жойып, өркендеу әкелді деп мәлімдейді.
Далай Ламадан басқа, Үндістанда оқуға және жұмыс істеуге еркін 100 000-нан астам тибеттік буддистер бар делінеді. Көптеген үндістер Далай Ламаны құрметтейді, ал халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар оның өмір сүруі Үндістанға Қытаймен қақтығыста ықпал етеді деп санайды. Қытайдың жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің артуына байланысты Америка Құрама Штаттары тибеттіктердің адам құқықтарын алға жылжытуға міндеттемесін бірнеше рет мәлімдеді.
АҚШ заң шығарушылары Қытайдың Далай Ламаның мұрагерін таңдауға араласуына ешқашан жол бермейтінін мәлімдеді.
Нағашыбай Қабылбеков