Түркістанда «Конституция және еріктілік» волонтерлік форумы өтті
Түркістан қаласында «Конституция және еріктілік» атты волонтерлік форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты – жастар арасында Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын кеңінен насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және еріктілік қызметтің қоғамдағы рөлін дәріптеу.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға белсенді жастар мен еріктілер қатысты. Форум барысында Конституцияның қоғамдағы орны, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, еріктілік қызметтің әлеуметтік маңызы және жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуы жөнінде мазмұнды баяндамалар мен пікір алмасулар өтті. Қатысушылар волонтерлік қызметті дамыту, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және қоғамдық мәселелерді бірлесіп шешу бағытындағы ұсыныстарын ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.
Іс-шара қорытындысында Конституция қағидаттарын құрметтеу, азаматтық жауапкершілікті нығайту және еріктілік мәдениетін дамыту бағытындағы бастамалардың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар жастарды бірлік пен әділдікті ұстануға, патриоттық сезімді арттығуа шақырды.

