Болашақ дәрігерлерге жауапкершілік артылды

Түркістанда дәрігер болуды армандаған бір топ студент келесі сатыға қадам басты. «Конгресс холл» кешенінде Түркістан жоғары медицина колледжінің диплом тапсыру салтанаты өтті. Салтанатты кешті Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдувалиев ашып беріп, жастарға ізгі тілегін білдірді, сабақты үздік оқыған білімді жастарға қызыл дипломдарын табыстады.

Колледж директоры Ғ.Бимурзаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Абдиханова, директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Г.Ахметова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мирзахмедова жас түлектерді құттықтап, сәтті сапар тіледі. Іс-шара барысында түркістандық талантты әншілері өз өнерлерін көрсетіп, салтанатты жиынның көркін ашты.

Бұл күн жас түлектер үшін білімге деген құштарлықтың, еңбекқорлық пен адалдықтың жемісі болары анық. Колледжде сапалы білім алып, орта буынды медицина мамандарының қатарын толықтырып отырға жас түлектердің болашағы жарқын болатынана сенеміз.