Атадан балаға мұра болған домбыра
Қазақтың болмысы мен рухы саналатын домбыра аспабының тарихы тым тереңнен бастау алады. Ұлттық домбыра күніне орай Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында «Домбыра – рухани мұра» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шараға мәдениет саласының өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым мүшелері мен қала тұрғындары қатысты. Жиында орталық директоры Гүлжанат Дүйсенбаева құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық мұраны сақтау мен насихаттаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ зиялы қауым өкілдері ұлттық өнердің жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы пікір білдірді.
Шара барысында дәстүрлі күй өнері мен ұлттық музыкалық мұра кеңінен насихатталып, өнерпаздар көрерменге әсерлі музыкалық тарту ұсынды. Сонымен қатар, ұлттық өнердің үздік үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.
Тағылымды жиын мақсаты – ұлттық музыкалық мұраны дәріптеу, күй өнерін насихаттау және домбыраның рухани-мәдени құндылығын кеңінен таныту. Мұндай бағыттағы іс-шара ұлттық құндылықтарды ұлықтап, күй өнерін кеңінен насихаттауға ықпал етпек.
Түркістан қаласы


