Сарысу ауданында құрғақ шөптің жануын қадағалау және өрттің алдын алу мақсатында рейд жүргізілді

Бүгін Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Орман шаруашылығы мекемесінің мамандарымен бірлесіп, шаруашылық қожалықтарының тау бөктеріндегі аумақтарында құрғақ шөптің жануының алдын алу мақсатында ауқымды рейдтік шара ұйымдастырды. Шара барысында мамандар жергілікті азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, отты абайсыз пайдаланбау және құрғақ шөпті өртеуге жол бермеудің маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Тұрғындар арасында өрттің алдын алу ережелері жазылған арнайы жадынамалар таратылып, ашық аспан астында түсіндірме әңгімелер өткізілді. Өкінішке орай, зерделеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі анықталып, салғырттық танытқан 1 жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сарысу ауданының құтқарушылары табиғат пен адам өміріне қауіп төндіретін тілсіз жаудан сақтану үшін әрбір тұрғынды қырағылық танытуға шақырады.