ПРЕЗИДЕНТТІКТЕН БАС ТАРТҚАН ЖАЗУШЫ

​1990 жылдардың басында Кеңес үкіметі тарап жатқан тұста Президент боп кете жаздаған тұлға туралы естіген бе едіңіз? Оқиға былай болған. 1991 жылы атақты жазушы, сол кезде елшілілік қызметте жүрген Шыңғыс Айтматовқа демократтар жағынан жаңа тәуелсіз Қырғызстанның Президенті болу ұсынылады. «Келісіміңізді берсеңіз бітті, Президент болып сайланып тұрсыз» дейді. Халық оның келісімін күтіп отырған еді. Алайда жазушы ешкім күтпеген жауапты айтты. «Менің Президент болуға дайындығым да, ықыласым да жоқ. Бұл – өте жауапты әрі мәртебелі орын. Сондықтан оған экономист, заңгер немесе ауыл шаруашылығының маманы лайық. жазушылық өнерімді лауазымға айырбастағым келмейді», — деді бірден бас тартқан Айтматов.
Билік адамды ұлықтамайды. Адам билікті ұлықтайды. Шыңғыс Айтматов Президент болудан бас тартты, бірақ тарихта Президенттерден де биік тұлға болып қалды.
​Ал сіз қалай ойлайсыз? Айтматов дұрыс істеді ме?
​Материал Қырғызстан қоғам қайраткері Қазат Ақматов естелігіне сүйеніп жазылды.
Марфуға Шапиян facebook парақшасынан