Ағайындық – тек тойда ғана емес
Қазір ат шаптырып ас беріп, қора-қора қой сойылып, қазан-қазан ет асылып, табақ-табақ тамақ тартылатын заман болды. Ел жиналып, ет жеп, қарын тойдырып, тіс шұқып тарайды.
Астың артында шашылған күл, домаланған баклашкалар мен ұшқан целлофандар, мүжілген сүйектер, тапталған көк шөп пен шаңға айналған қара жер ғана қалады.
Ал ас өткен соң ел аузында:
«Жүз қазан асылды»,
«Үй басына пәлен теңгеден ақша жинадық, бірақ дастарқаны онша болмады, ақшасын жеп қойды-ау» деген пыш-пыш әңгіме қалады.
Ағайындық – тек тойда емес, қиындықта көрінуі керек
Әрине, ағайынның бас қосып, араласып тұрғаны — жақсы нәрсе.
«Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді.
Себебі сол жиындарға ақшасы болмай бара алмай отырған ағайындар да аз емес.
Кейбірі ұялып айтпайды, кейбірі бармаған соң өздерін бөтен сезінеді.
Біз солардың жағдайын ұмытып кетпедік пе?
Құттықтап, той жасап жатамыз.
Неге біз оларды «сырттан біреу түзетеді» деп күтеміз?
Неге тумалас болып, ақыл айтып, жөнге шақырмаймыз?
Сіз не дейсіз ағайын?!
Жәнібек Қожық
Маңғыстау облысы
Жәнібек Қожық Фейзбук парақшасынан алынды

