Облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев ауданға жұмыс сапарымен келді
Ауданға жұмыс сапарымен келген облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев ауыл шаруашылығы бағытындағы бірқатар инвестжобалармен танысты. Сапар барысында ол «Хамза» және «Ақтоған» шаруа қожалықтарының мал бордақылау алаңдарын аралап, аталған жобалардың өндірістік қуаттылығы мен жұмыс барысын зерделеді. Қожалық жетекшілері саланың дамуына кедергі келтіріп отырған өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар мәслихат төрағасы Құмарық ауылдық округінің қауымдастық мүшелері және ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл шаруашылығын қолдау, ауыл инфрақұрылымын дамыту, сумен және өзге де қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Тұрғындар көтерген ұсыныстар мен пікірлер назарға алынып, тиісті бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетіні жеткізілді.
Бұл сапар ауыл шаруашылығы саласындағы бастамаларды қолдау мен ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.

