Ауданда азаматтардың әлеуметтік мәселелері бойынша 37 жеке қабылдау өткізілді

Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары үшін «Amanat» партиясы аудандық филиалының ғимаратында жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындар көтерген бірқатар әлеуметтік мәселелер қаралды. Қабылдау барысында азаматтар жайылымдық жер тапшылығы, ауыз су мәселесі, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй алу бойынша өтініш-тілектерін жеткізді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, тиісті органдарға жолданатын нақты тапсырмалар берілді.
Бұл – жыл басынан бері ұйымдастырылған 37-ші жеке қабылдау. Соның ішінде «Amanat» партиясының аудандық филиалы ғимаратында 4 қабылдау өтсе, 19 қабылдау тұрғындармен жергілікті жерге шығу арқылы жүзеге асқан. Тұрғындармен жүйелі кездесулер олардың мәселелерін дер кезінде анықтап, шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік беріп келеді.
Жыл басынан бері жеке қабылдауға жазылған азаматтардың өтініштері негізінде жауапты бөлімдерге барлығы 145 хаттамалық тапсырма берілді. Бұл – аудан әкімдігі тарапынан тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстардың нақты көрсеткіші. Алдағы уақытта да халықтың сұраныстарын қанағаттандырып, олардың мәселелерін шешу бағытындағы қабылдаулар тұрақты түрде жалғасатын болады.