Рухтың оянуы — жанның шынайы жолы.
Адамның рухы қай кезде ояна бастайды?
Бұл сұрақ көптің көкейінде бар. Рух көбіне
адам өзін іздей бастаған сәтте, «Мен не үшін өмір сүріп жүрмін? Менің өмірімнің
мәні неде?» деген сұрақтар туындағанда
оянады. Бұл – ішкі түйсіктің үн қатуы,
жанның үнсіз тіл қатуы.
Сол шақта адам оңашалана бастайды,
жалғыздықты қалайды. Бұрынғы
қызықтар мәнсіз көрінеді, себепсіз
істерден бас тартады. Кейде аяқ астынан
жұмыстан шығып кетуі, ескі достардан
алыстауы, кей қатынастардың бұзылуы
мүмкін. Бұның бәрі жазадан емес,
жаңарудан. Өйткені рухтың көтерілуіне
ескі энергиялар кедергі бола алмайды.
Адамның тәні — уақытша, ал жан мен
рух — мәңгі. Рух — Жаратушыдан келген
нұр, тура сәуле, ішкі бағыттаушы жарық.
Ол адамға жол сілтейді. Сондықтан
өзгерістен қорықпаңыз. Жаңаға орын беру
үшін ескі кетеді.
Жалғыздықтан да қорықпаңыз.
Жалғыздық – өзіңізді табуға көмектесетін кезең. Рухпен жүру – көптің жолы емес.
Көптің пікірінен емес, ішкі жарығыңыздан
қуат алыңыз. Рух оянса, ол күтпейді –
әрекетке жетелейді. Қорықсаңыз да
қимылдаңыз. Өйткені жолды ашатын да -рух.
Әрқашан тазарып отыр. Себебі рухпен
байланыс таза санада, таза ойда, таза сөз
бен таза ниетте ғана нығаяды. Ниетіңіз,
ойыңыз, сөзіңіз тазаланған сайын,
рухыңыз да сізге жақындай түседі.
Ашу, ыза, реніш, қорқыныш – бәрі ауыр
энергиялар. Олар рухтың көтерілуіне
кедергі жасайды. Сол себепті барынша
тыныштықта болыңыз. Ішкі жарығыңызды
сақтап, рухтың үнін тыңдаңыз.
Рухтың оянуы – жаңа өмірдің бастамасы.
Ол сізді Жаратушыға, шынайы «Өзіңізге»
жақындатады.
#рек #ататекпрограммасы
#хочуврекомендации #хочуврек
#РуханиТазалық

