МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

Бүгін ауданға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов келіп, бірнеше іс-шараларға қатысты.

Ең алдымен Ернар Абсейітұлы аудан әкімінің аппараты, әкімдікке қарасты бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметшілерге қалай жұмыс істеу керектігін, жұмыс барысында нені басшылыққа алу қажеттігін кеңірек баяндап, тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған шаралардың қоғам дертінің алдын алуда айрықша маңызға ие екендігін жеткізді.
Жиын барысында Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров атқарылған жұмыс жөнінде баяндама жасады.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күрес жүргізу бойынша атқарылатын ауқымды жұмыстарды жіті түсіндіріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Осыдан кейін Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Мақажанов аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Ернар Абсейітұлымен жүздесуге алдын ала жазылған азаматтар кездесу барысында өздерінің көкейде жүрген мәселелерін жеткізді.

Мәден Мұсаев, Қордай ауданының әкімі