Өміріңізді өзгертетін 10 сұрақ

1.Мен уақытымды кімдермен өткізіп жүрмін? Сіздің айналаңызды қоршаған адамдар сізге қатты әсер етеді. Әркез табысты адамдармен жүрсеңіз, уақытыңызды солармен өткізсеңіз, сіздің де жетістікке жетуіңізге мүмкіндігіңіз бар. Жақсы адамдарды тани біліңіз. Жамандықтан жиреніңіз.

2.Мен нені өзгерте аламын?
Не сіздің құзырыңызда, нені басқара аласыз, ал, нені өзгерту қолыңыздан келмейтінін алдымен анықтап алыңыз. Әдетте біз уақытымызды бізге қатысы жоқ заттарға бола құртамыз. Өзіміздің әдетімізді, ойымыз бен сезімдерімізді басқара алғанымен, өзге адамдарды, ауа-райын, сыртқы оқиғаларды біз басқаруға қауқарсызбыз. Демек, сіз өзіңізді өзгерте аласыз.

3.Менің ең керемет күнім қандай? Өзіңізді жайлы сезінген уақытыңызды еске алыңыз. Күніңізге жоспар құрыңыз. Бәрін уақтылы ұйымдастырыңыз.

4.Тоқтау әлде жалғастыру?
Белгілі бір дәрежеге жеткен соң адамдар дамуын кенеттен тоқтатып жатады. Ал, ақпараттар ағыны уақыт ауысқан сайын жылжуын тоқтатар емес. Сондықтан, жалғастыруыңыз керек. Ешқашан тоқтауға болмайды.

5. Қорқыныш пен уайымдаған сәтімде нені жоғалтамын?
Өмірдегі мәселелердің шешімін табу қиын емес. Тек барыңызды салып, ізденіп көріңіз. Ал, уақытыңызды босқа уайым, қорқыныш секілді сезімдерге арнамаңыз. Ол ойлармен жүргенде жаныңыздан өткен жақсылықты ұмыт қалдырасыз.

6.Өз ісімді толық орындап жүрмін бе? Өз ісім?  Бұл сұраққа қалай жауап бересіз? Сіздің ойыңыздағы «өз ісім» деген ұғым нені білдіреді? Сіз күніне 24 сағатыңызды жұмсасаңыз да бұл істі аяғына дейін жасамайсыз. Өйткені, күн сайын жаңа міндеттер туады.

7. Мен үшін ең маңызды не нәрсе?
Егер өзіңізге маңызды нәрсені анықтасаңыз, оған сіз күшіңіз бен уақытыңызды арнай аласыз. Тек мақсаты мен болмысы бөлек адамдармен өзіңізді салыстыруды доғарыңыз. Сол кезде жалған «жетістіктің» артынан қууды қоясыз.

8. Бұл кім үшін?
Әрине, сіз сауда, бизнес саласында қызмет етсеңіз, бұл сұрақ маңызды. Өйткені, аудитория үшін жұмыс жасайсыз. Ал, өмірде барлық еңбегіңіздің жемісі өзіңіз үшін. Осыны естен шығармаңыз.

9.Бұл шынымен маңызды ма?
Күніне 5 сағат ұйықтап, бас алмастан тер төгіп жүрсіз. Бір сериалыңыздың жаңа бөлімін жіберіп алдыңыз. Досыңыз сізді кешке шақырмай қойды. Енді ойланыңыз, бұл сіз үшін бұлар маңызды ма? Ренжіп уақытыңызды бос құртсаңыз, көп нәрседен құр қаласыз.

10.Мен өзім қалаған адаммын ба?
Біз – өзіміз жасап жатқан әрекеттердің айнасымыз. Әр жұмысыңды істер сәтте оның нәтижесі сіз ойлаған адамның әрекетіне сай келе ме, ойланыңыз.