МЕРЕЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Осы жылдың 9-шілдесі күні, Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында еркін күрестен U20 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты болып өтті.

Аталған чемпионатқа жерлесіміз, №22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Мерей Базарбаев қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Осынау талай-талай мықтылар жиналған үлкен сайыста өзінің шеберлігін, мықтылығын көрсете білген Мерей Асқарұлы Қазақ елінің намысын қорғап, биік тұғырға көтерілді.
Жас чемпионның тамаша табыстарында, бүгінгі жеңісінде жаттықтырушысы Нұрбай Абаевтың да еңбегінің зор екені анық. Ел мерейін үстем еткен Мерейді үлкен жеңісімен құттықтап, болашақта бұдан да үлкен белестерді бағындыруына сәттілік тілейміз.

«МЕРКІ ТЫНЫСЫ».