Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туған күні. Осыған орай облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы ақынның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Ақынның 176 жылдығына арналған шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық, қалалық ардагерлер, қоғамдық Кеңестің төрағалары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым және қоғам белсенділері, ЖОО басшылары және тағы басқалар қатысты.
Жиналғандар тұлға рухына тағзым етті.