69 қазақстандық «Құстар ұясы фестиваліне» қатысты

Үздік жұмыстарды 16 қыркүйекте арнайы комиссия анықтайды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада «Құстар ұясы фестивалі» байқауына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды. Оған әр түрлі жастағы 69 қазақстандық қатысты.

 

 

 

16 қыркүйекте комиссия үш үздік жұмысты анықтайды. Әр жеңімпазға 20 мың теңгеден беріледі.

Байқау нәтижесі 16-17 қыркүйекте әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда жарияланады. Толық ақпаратты @birgemiz_taza_alem инстаграмм парақшасынан алуға болады.

Айта кетейік, ұйымдастырушы — «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі. Шара «Birgemiz: Taza Alem»жалпыұлттық жобасы аясында өткізіледі. Нәтижесінде ұйымдастырушылар елорда саябақтарының бірінде құс ұясы аллеясын құруды жоспарлауда. Байқаудың мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару.

 

 

«Экологиялық мәселелердің үлкен шоғыры арасында құстарды қорғау проблемасы бөлек. Қарқынды құрылыс кесірінен саябақтар мен жай ғана ағаштар орналасқан алаңдар саны азаюда. Саябақтар мен үйдің маңына құстар ұяларын орналастырып, құстарды жан-жаққа бөлу арқылы жасыл желектерде бақылаусыз көбейетін жәндіктермен күресуге болады, шара осыған бағытталған», — делінген конкурс ережесінде.