100 мың дана шабақ жіберілді

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы Қаракемер ауылында орналасқан «Форель» балық шаруашылығының жұмысымен танысты.
«Атамекен» шаруа қожалығы 140 млн теңгеге жобаны мықтап қолға алуда. Жылдық айналымды 100 мың тонна жеткізуді көздеп отыр.
Бүгінгі күні қазылған 15 бассейнге 100 мың шабақ жіберілді.
Шаруа төрағасы күтіп-баптау жұмыстарына кіріскен.
Облыс әкімінің орынбасары шаруа жайын білетін азаматтың жұмысына сәттілік тілеп, жоба құрылымын егжей-тегжейлі талқылады.

Ербол Жиенкулов