«Өрт тілсіз жау» тақырыбында практикалық сабақ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен №2 «Болашақ» мектеп-интернатында Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіпсіздікті сақтайық» жобасы аясында «Өрт тілсіз жау» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
Төтенше жағдайда алдын алу мамандары аталған шара барысында балабақша персоналдарына өрт немесе ТЖ кезінде «101» және«112» телефон нөмірлеріне хабарласу қажеттігін баса айтты. Алғашында ғимарат ішіндегі тәрибеленуші балаларды қауіпсіз орынға көшіру әрекетіне куә болған азаматтық қорғау саласының мамандары одан әрі бүлдіршіндерді өрт сөндіру техникасымен, ондағы өрт сөндіру-құтқару жарақтарымен таныстырды. Сондай-ақ, аталған шара барысында Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен адамдарға алғашқы көмекті көрсетудің жолдарын үйретті.
Шара соңында Тараз қаласы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Әміров Ербол Шалхарұлы және лейтенанты Шарипбаев Еркебұлан Мұхитұлы өрт сөндіргішті қалай пайдалану қажеттігін тәжірибелік тұрғыдан көрсетті.