ҰЛЫ ТҰЛҒАҒА ҚҰРМЕТ

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа құрмет көрсету кейінгі ұрпақтың қастерлі парызы.

Бүгін Тараз қаласында бой көтерген Димаш Ахметұлының еңселі ескерткіші баба рухын ұлықтаудың жарқын көрінісі деп білеміз.

Ал, осыған дейін аталған ескерткіштің орнында тұрған атаның бюсьтін Талас ауданының орталығы Қаратау қаласының төріне орнатуды жоспарлап отырмыз.
Бұл бағытта дайындық жұмыстары жүруде.

Қанатбек Мәдібек, Талас ауданының әкімі