Ұлт болашағын ұлықтайтын сайт

Құрметті «ЕлАна» ақпараттық агенттігінің ұжымы!

Еліміздің ақпарат кеңістігінде тағы бір сайттың қатарға қосылуымен құттықтаймын!

 Аз ғана уақыттың ішінде көпшіліктің көзайымына айналған ақпарат көзі өзіне үлкен жүкті артып отыр. Қоғамдық-әлеуметтік, ақпараттық-танымдық сайт  елі мен жері, тарихы мен тағылымы, салты мен дәстүрі туралы мәлімет іздеген әр оқырманның көңілінен шығады.

Ұрпақ тәрбиесі – елдің болашағы. Баланың санасына ұлттық тәрбиені құю, елді, Отанды сүюге тәрбиелеу, рухани құндылығын сақтап, туған жерінің гүлденуі үшін еңбекке баулу жастайынан басталуы керек. Сайт осы бағыттағы, әлеуметті алаңдатқан көптеген мәселелер жайында материалдар жариялап келеді.

Қай заманда болмасын әйел затының орны ерекше. Ол –отбасының ұйытқысы, шаңырақтың құты, елдің ақылшысы. Тарихымызда ел басқарып атқа мінген, сөз бастап әділдік орнатқан Батыр аналар қаншама. «ЕлАна» сайты сол аналарымыздың батырлығы мен данышпандығын халыққа жеткізіп, қоғамға отбасы тәрбиесінің маңыздылығын насихаттап келеді.

Сайт ұжымына сәттілік пен табыс тілеймін. «ЕлАна» ұлттық рухымызды асқақтататын, тарихымызды ұлықтап, жетістігімізбен бөлісетін тұғырлы ақпарат көзі атансын. Қаламдарыңыз ұшқыр, оқырмандарыңыз көп болсын!

Анархан Дүйсенова,

Солтүстік Қазақстан облысы

әкімінің орынбасары