Қылмыспен күресте күш-жігерді біріктіреміз.

 

                            Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Сергей Досполовпен сұхбат.

 

Әлемдік процестердің жаһандануы, көші-қон ағымының өсуі, халықтың мобильділігі, қылмыстық топтардың ықпал ету географиясының ұлғайып, мемлекет пен құрлық шекарасынан асуы үкіметтің өзге елдермен тиімді қарым-қатынас жасау үшін  нақты шаралар қабылдауын талап етеді.

Бас прокуратураның негізгі функцияларының бірі – өзге мемлекеттердің құзырлы органдарымен және халықаралық ұйымдармен қарым қытынас жасау, сондай-ақ халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалау болып табылады.

Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Сергей Досполов өзінің және оның қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттер туралы, сондай-ақ соңғы жылдарда атқарылған жұмыстарының нәтижелері туралы әңгімелеп берді.

  • Біздер халықаралық ынтымақтастықты Конституцияға, халықаралық шарттарға, Қазақстанның Қылмыстық-процессуалдық кодексіне және заңдарына сай жүзеге асырымыз. Біріншіден — ол қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, экстрадиция, қылмыстық қудалауды жүргізу, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу.

Екіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды қабылдауы, орындауы мен күшін жоюының заңдылығын қадағалау, құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық әрекеттерінің тиімділігін арттыру мен үйлестіру.

Сондай-ақ біздер қылмыспен күрес мәселелері бойынша халықаралық-құқықтық базаны кеңейту және жетілдіру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, соның ішінде қылмыстық сот өндірісі саласындағы екіжақты халықаралық шарттарды жасау және көпжақты халықаралық шарттарға қосылу бойынша жұмыс істейміз.

— Сергей Долдович, сіздер алдарыңызға қойылған міндеттерді қалай шешіп жатырсыздар?

— Тек қана 2011 мен 2015 жылдар арасында прокуратура органдары 14 мыңнан астам құқықтық көмек көрсету, экстрадиция, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, сотталғандарды тапсыру және де оларды Қазақстан аумағымен транзиттік жолмен алып өту туралы сұраныстарды қарады. Мұндай сұраулардың жыл сайын артып келе жатқанын атап өткім келіп тұр.

Қылмыспен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – қылмыс жасауға күдікті немесе айыпты, сондай-ақ өзге елде жасырынып жүрген және сот төрелігінен қашып құтылуға тырысатын тұлғаларды экстрадициялау. Өткен 5 жылда іздеуде жүрген 349 адам Қазақстанға берілді және 100-ден астам сұрау шет елдердің құзырлы органдарының қарауында жатыр. Шет мемлекеттерге біздің республикада жасырынып жүрген 555 адам ұстап берілді. Ұстап беру туралы сұраулардың көпшілігін бұрынғы кеңестік елдер қанағаттандырады, олар — Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Украина.

Қабылданып отырған шаралар арқылы Бас прокуратура алыс шет елдердің тұлғаларды ұстап беруін мақсат етеді. Мысалы, кейінгі екі жылда Біріккен Араб Әмірліктері 8 адамды бізге берді, біздің сұрауымыз бойынша Испаниядан, Румыниядан, Болгариядан, Германия мен Финляндиядан күдіктілер берілген болатын.

Жазаның сөзсіз орындалу қағидасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда қылмыс жасап, өз елдерінде жасырынып жүрген қылмыскерлерге қатысты 422 қылмыстық іс жіберілді.

Ал өзге шет елдерде сотталған қазақстандықтарды өз отанына аудару мен Қазастандық соттармен сотталған шетел азаматтарын өз елдеріне тапсыру мәселесі қалай жылжып жатыр?

Өткен бес жыл кезеңінде Қазақстан біздің 152 азаматты қабылдады. 2015 жылдың тамыз айынан бәрі Қытайдан тоғыз жерлесіміз қабылданды, тағы да екеуін жақын арада күтудеміз. Мысалы а.ж. наурыз айында қытайлық тарап 42 жасар Алматы тұрғыны Маранди деген азаматты жазасын әрі қарай өтеу үшін бізге берді. 2003 жылы ол Үрімшіде адам өлтіру айыбы бойынша ұсталған болатын. 2004 жылы Қытай сотымен өмір бойы бас бостандығынан айрылып, кейін жаза мерзім қысқартылды. Ол жазасын Үрімші түрмесінде өтеп жатқан болатын.

Осы уақыт ішінде біздер  сотталған 265 шетел азаматын бердік, оларды ұстау үшін жұмсалатын 375 млн. теңге шығындалмай, қазақстандық бюджетті үнемдеді.

2015 жылдың желтоқсан айында 1993 жылғы Қылмыстық жазаны шетелде өтеудің америкааралық конвенциясына қосылуымызға байланысты Қазақстанға Америка құрлығында жазасын өтеп жатқан азаматтарымызды аударып алу мүмкіндігі туындап отыр. Мысалға, қазір АҚШ-та әртүрлі мерзімге сотталған екі азаматымызды аударып алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Осының бәрі Бас прокуратурының шет елдермен шарттық базаны жасауы және кеңейтуімен байланысты  мүмкін болып отыр ма? Бүгінгі таңда сіздердің жоспарларыңызда ең бірінші орында қандай мәселе тұр?

— Дұрыс айтасыз, әрекет етуші 45 екіжақты халықаралық шарттың 23-і соңғы 5 жылда қабылданды (10-ы құқықтық көмек бойынша, 6-ы тапсыру  және 7-і сотталғандарды беру бойынша). Тек қана өткен жылы Италия, АҚШ, Монако, Венгрия, Ұлыбритания, Индия мемлекеттерімен шарттарға қол қойылды.

1993 және 2002 жылғы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы ТМД конвенциясы, сонымен қатар 1998 жылғы сотталған және бас бостандығынан айрылғандарды беру туралы, сондай-ақ 1997 жылғы психикалық аурулармен ауратындарды беру сияқты көпжақты халықаралық шарттардың әмбебаптылығы мен тиімділігін ескере отырып, 2015 жылы Бас прокуратураның бастамасымен 1992 жылғы қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету, 1993 жылғы жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенциялар ратификацияланды.

Аталған бағыттар бойынша жұмыстар әрдайым жетілдірілуде. Қазірдің өзінде қылмыспен күрес мәселесіне қатысты шет елдермен 38 шарт жасасу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Сіздің ойыңызша, өткен жылы қандай маңызды шаралар өткізілді?

— Шет елдермен қылмыспен күрес жөніндегі ынтымықтастықты реттеу мақсатында жыл сайын ондаған халықаралық шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі, мысалы, 2015 жылы 52 кездесу өтті.

Маңыздысы ретінде Астанада 2015 жылғы тамызда өткен ШЫҰ мүше мемлекеттерінің бас прокурорларының 13-ші отырысы және ТМД елдерінің бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 25-отырысын айта кеткен жөн. Аталған отырыстардың нәтижесі бойынша әртүрлі қылмыстармен, оның ішінде терроризммен және есірткі қылмыстарымен күрес жөніндегі маңызды шешімдер қабылданды.

2015 жылдың қыркүйегінде экстремизим мен терроризмге қарсы іс-кимыл форумы өткізілді.

Сапарлар барысында АҚШ және Ұлыбритания тәрізді елдермен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға қол қойылды.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі