Халықаралық театр күні.

                                                                                Елордада театр күні кең көлемде аталып өтті

 

26 наурыз күні Жастар театрында Халықаралық театр күніне орай мерекелік шара өтті. Кешке Жастар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы орыс академиялық театры, Астана қаласы Көңілді тапқырлар театры, Қуыршақ театры және «Наз» мемлекеттік би театрлары қатысып, театрсүйер көрермен қауымның назарына әсерлі мерекелік көңіл-күй сыйлады.IMG_8172

Театр күнін тойлау – Бас қаланың мәдени өмірінде дәстүрге айналған. Бұл күні Астана қаласының театрлары сахна мен сахна сыртындағы қызықты сәттер, әдемі әуен мен көңілді миниатюралар көрсетті. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімінің орынбасары, кинодраматург Ерек Аманшаев шығармашылық ұжымдарды құттықтап, үздік актерлерге және театр саласының мамандарына Алғыс хаттар табыс етсе, 20156 жылы құрылғанына 50 жыл толатын «Шалқар» радиосының ұжымы да театр өнерінің мамандарына арнайы сыйлықтар беріп, «Шалқар-шабыт» байқауының қорытындысын шығарды.

 

27 наурыз Мереке мәртебесіне 1961 жылы Венада өткен, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының ІХ Конгресінде қол жеткізді. Сол уақыттан бері бұл күнді бүкіл әлемде мереке ретінде атап өтеді.

Сондай-ақ, театр фойесінде театрлар көрмесі өтті.

 

                                        «ЕлАна» ақпарат

                                       Фотоны түсірген: Ахат Азтай