Қордай ауданында 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асуда

Қордай ауданында Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 857 млрд. 322,2 млн. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 760, ал іске қосылу кезеңінде 1366 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда, — деген баяндамашы әр жобаға жекелей тоқталып өтті. Олардың қатарында тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру жұмыстарын бастаған «MONTERRА QASAQSTAN» ЖШС бар.

Сонымен қатар, тағы бір үлкен жобаны «Шоқпар-Гагаринское» ЖШС қолға алған. Бетқайнар ауылдық округіне қарасты Соғанды ауылы жанынан орын тепкен комбинат жылына 1000 кг. алтын өндіруді қолға алып отыр.

Іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдар аралығы. Сол аралықта 400 жұмыс орны ашылу жоспарлануда.
Өңірлік коммуникациялар қызметі