ҚОРДАЙДАҒЫ ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛЫ ЖАНДАНУДА

Қордай ауданында жыл сайын жаңа нысандар іске қосылып, жолдар жөнделіп, жаңа амбулаториялар мен мектептер құрылысы қарқынды жүруде. Осы игі істер барлық ауылдық округтерде дерлік орын алған. Тұрғындардың өмірін жеңілдетіп, жақсартуға бағытталған жұмыс аудан басшылығының үнемі қадағалауында тұр.


Жамбыл ауылдық округінің құрамындағы Жаңатұрмыс ауылында ағымдағы жылы оң өзгерістер орын алуда. Жыл басынан бері ауыл көшелерінде қауырт жұмыс басталып кетті. Сырттан құрылысшылар, арнайы техника келіп, «жолды жөндейміз»,- деп халықты бір қуантып тастады. Бір емес, бірден үш көшеге асфальт төселініп, орта жөндеуден өткізілді. Бүгінгі таңда жұмыс аяқталып, тақтайдай түзу тас жолмен автомобильдер жүйіткіп жүр.

Одан бөлек ауылда орналасқан саябақ қоршалып, шағын футбол алаңшасын салу жұмыстары жүргізілген. Бұл нысандар ауыл жастарының бос уақытын пайдалы өткізу мақсатында салынған.


Мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарының бірі білімді, дені сау жас ұрпақ тәрбиелеу екендігі белгілі. Саябақ та, шағын футбол алаңшасы да осы саясатты жүзеге асыруға бағытталған.

Қордай ауданының әкімдігі