ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімовті 70 жасқа толуымен құттықтады.

Бұқара мен атқарушы билік арасында дәнекер болған қоғамдық кеңестің жұмысын абыроймен атқарып, ауқымды істерге бастамашы болып жүрген Сембек Әбітайұлына зор денсаулық, толағай табыс тіледі.

Өз кезегінде өңірдің өткір мәселелерін көтеріп, оң шешім табуына ықпал етіп жүрген Сембек Сейдәзімов қала басшылығына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Тараз қаласының әкімдігі