Қабір басынан көлікпен өтіп, бет сипайтындар тыңдасын (видео)

Қабір басынан көлікпен өтіп бара жатып, бет сипау қаншалықты дұрыс? Марқұмдарға дұға жасамау күнә ме? Бұл сұрақтарға дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы жауап берген екен.

«Егер жаяу кетіп бара жатқан болсаңыз, бетті сипап, дұға етуге болады. Көлікте болсаңыз, олай істемеңіз. Рөлді жібере салып, қайта-қайта бет сипау дұрыс емес. Көлікпен келе жатқан бір бауырым жүргізушіге «бұлай істей берме, ертең басқалар бізге осылай істеп жүрмесін» деп айтып тастапты. Иә, абзалы сақтану керек. Автобуста отырсаңыз, дұға жасауға болады. Шопырға айтып жатырмын мен. Бұл – мұстахаб амалдар, істесеңіз сауап, істемесеңіз күнә емес», — деп түсіндірді Қабылбек Әліпбайұлы.