ЗИРАТ МАҢАЙЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қоғамдық орындар, саябақтар абаттандырылып, әрбір аулалар мен ауылдар күл-қоқыстардан тазартылып, тал көшеттері отырғызылуда.
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жаңатас қаласындағы мұсылман зиратының маңайына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш игі іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, мекеме және кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Зират алаңы қураған шөптен, құрылыс қалдықтарынан, басқада түрлі қоқыстардан тазартылды.
«Тазалық иманның жартысы делінген. Ежелден келе жатқан дәстүрге сай өткенге құрмет көрсетіп келе жатқан халықпыз. Мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру — жәй ғана міндет емес, ізгі амал. Сондықтан, тазалық ациясы аясында әруақтарымыздың жатқан жерлерін де естен шығармағанымыз жөн», — дейді сенбілікке қатысушылар.