ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК

Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының кітапханасында кітапхана меңгерушісі Б.Сапееваның ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сыршыл, ақиық, гуманист ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай 3-9 сыныптар арасында «Жырлайды жүрек» атты поэзия марафоны, сонымен қатар 4-сынып оқушылары арасында «Жыр жүйрігі – Мұқағали» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өткізілді. Аты аңызға айналған ақынның өлеңдерін оқушылар жан-жүрегімен тебіреніп, ақындық шабытпен, суреткерлік шеберлікпен жеткізе білді.

«Ақиық ақын — Мұқағали» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы насихатталды. Сарысу ауданы